28.10.2024
Құрметті Байқоңыр ауданының әкімі Талғат Рахманберді мырза!

Сізге шын жүректен алғысымызды білдіреміз. Республика күніне орай бізге жолдаған құттықтауларыңыз бен жылы лебіздеріңіз үшін рақмет айтамыз. Бұл мереке біз үшін де маңызды және елдің бірлігін арттыруға, тәуелсіздігімізді нығайтуға деген ортақ ұмтылысымызды айшықтайды. Сізге және аудан халқының игілігі жолындағы еңбегіңізге сәттілік тілейміз.

Құрметпен, «Деловой Дом Алма-Ата» ұжымы